«EgovKzBot2.0» платформасы арқылы жүгінген азаматтың құқығы қалпына келтірілді

EgovKzBot2.0

Агенттік Төрағасының тапсырмасына сәйкес, халықтың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша шағымдары мен ұсыныстарына жедел назар аудару мақсатында «Электронды үкімет» веб-порталы мәселелері бойынша Telegramm мобильді қосымшасыдағы «EgovKzBot2.0» платформасы арқылы «Уәкілетті органға өтініш» білдіру батырмасы іске қосылған.
Қазіргі таңда, Департаментке қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне шағым, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту бағытында ұсыныстар келіп түсуде.
Мәселен, қала тұрғынының сотты болған немесе болмағаны туралы анықтамасын бірнеше күн бойы ала алмай жүргенін көрсетіп, аталған платформа арқылы көмекке жүгінді.
Департамент пен Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органның араласуымен аталған қызмет техникалық ақуалдарының салдарынан жүйеге түспегендігі анықталып, қызмет алушымен кері байланыс орнату нәтижесімен тиісті анықтамасын бір тәулік ішінде қызмет алушыға беріліп, құқығы қалпына келтірілді.
Айта кетейік, https://t.me/Kenes1414Bot сілтемесі арқылы «EgovKzBot2.0» платформасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша шағым беруге, бюрократияны азайту және бизнес-процестерді оңтайландыру жөнінде ұсыныс жолдауға болады.