«Iqala» жобасы аясында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы цифрлы форматқа көшеді

Президент тапсырмасына сәйкес еліміздің барлық аймағында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын сәтті жүзеге асыру жалғасуда. Бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде аталмыш бағдарлама бойынша табысты жұмыс жүргізіліп келеді. Облыста «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында цифрландыру 5 негізгі бағыт – тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық қауіпсіздік және қосымша 6 бағыт бойынша жүзеге асуда.

         Солардың бірі  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын цифрландырудағы – «Iqala» жобасы. Бұл орталықтың IQala деп аталуы интеллектуалдылығын білдіреді. Бұл байланыстарды барынша азайтуды, түрлі қызметтерді, консультациялар мен рұқсаттарды алуды барынша жеделдетуді көздейтін өздігінен дамитын зияткерлік жүйе. Мұндай жүйелер кәсіпкерлерге өз шығындарын төмендетуге мүмкіндік береді, бұл бағаға, тарифтерге және жобалардың соңғы құнына әсер етеді. 

         Аталған жоба «бір терезе» қағидаты бойынша коммуналдық шаруашылық секторының және мемлекеттік қызметтерін біріктіреді. Жоба аясында коммуналдық қызметтерді алу рәсімдерін жеңілдету, барлық қызметтерді онлайн цифрлық түрде көрсету, құжаттарды қысқа мерзімде ұсыну, өтініш күйін бақылау және құжаттардың сақталуы бойынша оң нәтижелер беруде. 

         Осыған орай, Түркістан облысында қызметтер мен сервистердің орталықтандырылған қызметтер орталығы «Iqala» жобасы енгізілуде. Бүгінгі таңда алғашқы болып «I-Qala» жобасы Кентау қаласында сәтті іске қосылды.

Ntime.kz