KazAID Қытайдағы халықаралық конференцияда ынтымақтастықты талқылады

KazAID

KazAID Басқарма төрағасы А.Арыстанов басқармасымен қазақстандық делегация Қытайдың «CIDCA» Халықаралық даму және ынтымақтастық мемлекеттік агенттігі ұйымдастырған бірлескен даму жөніндегі жаһандық іс-қимыл форумының жоғары деңгейдегі 2-ші конференциясына қатысты.

А. Арыстанов ТДМ 2030 жетістіктері үшін Қазақстанның Орталық Азия өңіріндегі халықаралық дамуға жәрдемдесудегі рөлі туралы баяндама жасады. Іс-шара аясында жаһандық басқару, Оңтүстік-Оңтүстік бағыты бойынша даму, инновациялар, жастар саясаты мәселелері талқыланды. Осы конференцияның мақсаты жаһандық даму, қауіпсіздік және өркениет бастамалары шеңберінде жақсы болашақ құру мүддесінде әріптестердің бірлескен іс-қимылына жәрдемдесу және жаһандық даму мәселелері бойынша ортақ пікір қалыптастыру болды.

50-ден астам елден келген жоғары деңгейдегі лауазымды тұлғаларды, халықаралық ұйымдардың сарапшыларын, академиялық қоғамдастық пен талдау орталықтарының өкілдерін қоса алғанда, шетелдік делегациялардан құралды. Ашылу салтанатына ҚХР Сыртқы істер министрі Ван И, БҰҰ-ның 8-ші Бас хатшысы Пан Ги Мун, Колумбия университетінің профессоры және тұрақты даму орталығының директоры Джеффри Д. Сакс қатысты.

KazAID сапары барысында CIDCA  басшысының орынбасары Ян Вейцюнь мырзамен және бірлескен бастамалар шеңберінде әлеуетті ынтымақтастық мәселелері жөнінде және агенттіктің басқа өкілдерімен екіжақты келіссөздер жүргізілді.

ҚР СІМ «KazAID» Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің Баспасөз қызметі