2022 жылғы 21 қаңтардан бастап катарлық «Qatar Airways» әуе компаниясы аптасына 2 рейс жиілігімен Доха – Алматы – Доха бағыты бойынша ұшуларды қайта бастады. Рейстер дүйсенбі және жұма күндері А-320 типті әуе кемесінде орындалады.
Сонымен қатар, Біріккен Араб Әмірліктерінің «Air Arabia» әуе компаниясы 2022 жылғы 21 қаңтардан бастап А–320/А–321 типті әуе кемесінде сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері аптасына 3 рейс жиілігімен Шарджа-Алматы-Шарджа бағыты бойынша ұшуды қайта бастады.
Рейстер санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуе компаниялардың сайтында жарияланған кестеге сәйкес орындалады.
ҚР ИИДМ Баспасөз орталығы