Президент Қ. Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында еліміздің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін көтеріп, халықтың әл-ауқатын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, әлеуметтік саланы қолдау мәселелеріне баса назар аударып, экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шағын және орта бизнестің дамуы мен оны әрі қарай жандандыруды айтқан болатын.
Экономиканың күре тамыры — кәсіпкерлік. Кәсібі дамыған елде жұмыссыздық мәселесі болмасы анық. Сайрам ауданында кәсібінің нәсібін көріп жүрген жандар аз емес.Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов аудан аумағында орналасқан кәсіптік нысандарды аралады.
Алдымен Ақсукент ауылында орналасқан отандық киім тігетін «Алтын адам» тігін фабрикасына кіріп, жұмыс барысымен танысты. 2013 жылы құрылған фабрика жылына 26 400 дана ерлер костюмін тігіп шығарады. 100 адамды жұмыспен қамтып отырған кәсіпкер Балжан Халмұратова шикізатты Түркия мен Қытай елінен алып келетінін айтты. Дайын өнімдер Қазақстан, Қытай елдерінде саудаланады екен.
Бұдан соң аудан басшысы балалар жөргегін шығаратын «Ca Pable Gruup мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігіне барды.
Басшысы Бейімбет Жұмабекұлы Түркияның кәсіпкерлерімен бірлесіп, Ақсукент ауылынан Capable qroup атты бала жөргектерін шығаратын кәсіпорын ашқан. Бұндай жоба ауданда бірінші рет жүзеге асырылып отыр. Күніне 180 мың жөргек шығаратын кәсіпорынның жұмысы бүгінде қарқынды. 2-ден 6-ға дейінгі өлшемдегі «Симбо бейби» және « Алтын бала» атты екі түрлі жөргек шығарады.
Аудан әкімі А. Сәбитов өндіріске арналған киім және төсек-орын тігетін «АХБК» ЖШС-і тігін фабрикасының жұмысымен танысты. 2019 жылы құрылған бұл жобаның қуаттылығы жылына 1 млн.
Аудан басшысы келесі кездесуін 2006 жылы құрылған кабель шығаратын. «К. АZ. TEL.» ЖШС-інде жалғастырды. Мұнда 46 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Дайын болған кабельдер Қазақстанның барлық аймағына және Қырғыстан еліне жеткізіледі.
Аудан басшысы А. Сәбитов құрғақ жем шығаратын жеке кәсіпкер «ЖК АБДУКАДИРОВ» зауытының жұмысымен танысты. Жоба құны жылына 80 мың тонна. Өнім Сайрам, Түлкібас, Бәйдібек аудандарына және Жамбыл, Солтүстік Қазақстанға жіберіледі.
Еліміздің барлық аймағынан, шет мемлекеттерден келіп демалатын Манкент санаториясы ауданымыздың мақтанышы. Аудан әкімі А. Сәбитов емдеу сауықтыру орталығының тыныс-тіршілігімен танысып оң бағасын берді. 420 адамға арналған шипажайға жылына 15 мыңнан астам адам келіп ем алады.