Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері қаланың абаттандырылуын бақылау бойынша тұрақты түрде профилактикалық іс-шаралар жүргізеді деп хабарлайды Шымкент қаласының ПД.
Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері жүргізген кезекті рейд барысында аудан аумағында абаттандыру қағидаларын бұзу жайтын анықтады.
Аталған жайт бойынша құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабымен (Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендердің инфрақұрылым объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру) әкімшілік хаттама толтырылды.
Шымкенттік тәртіп сақшылар тұрғындарды қаланың тазалығын сақтауға шақырады, сондай-ақ абаттандыру ережелерін бұзған азамат тиісті жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.