Бүгіннен бастап қазақстандықтар eGov.kz порталы мен eGov Mobile қосымшасында автокөлікке VIP нөмірлерге тапсырыс бере алады. МТНБ-нің қарапайым нөмірлері бұл санатқа кірмейді, олар әдеттегідей мамандандырылған ХҚКО-ларда қолжетімді.
«Автокөлікке VIP нөмірге тапсырыс беру» жаңа сервисі порталдағы басты бетте қолжетімді eGov.kz «қызметтер» бөлімінде. Аналогиялық қызмет eGov Mobile мобильді қосымшасында басты бетте «танымал қызметтер» бөлімінде қолжетімді.
««Беделді» нөмірлерге сұраныс жылдан жылға артып келеді. Осы уақытқа дейін мұндай нөмірлерді тек арнайы ХҚКО-ларда брондауға болатын еді, ал қазір оларды eGov.kz порталында және eGov Mobile мобильді қосымшасында тапсырыс беруге мүмкіндік туды. Мұндай сервисті цифрлық форматқа шығару арқылы біз ХҚКО кезектерінің санын азайтамыз. Ал Қазақстандықтарда бұл қызметті алу үшін тағы бір ыңғайлы құрал бар»,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Ростислав Коняшкин.
Жөғары сұраныс нөміріне тапсырыс беру үшін пайдаланушыға:
- eGov.kz порталында авторизациядан өту керек;
- МТНБ жөғары сұраныс нөмірін іздеу;
Егер көрсетілген нөмір бос болмаса, басқасын енгізу керек.
Егер нөмір бос болса, құны АЕК-те және теңгемен көрсетіледі.
- Облысты, ЦОН-ды,МТНБ түрін таңдау қажет;
- төлем енгізу;
- қол қою.
Қызмет нәтижесі eGov.kz порталдың мәртебелік бетінде және жеке кабинетінде Хабарлама түрінде пайда болады.
Дайын нөмірді көрсетілген ХҚКО — дан алу қажет.
Айта кеткен жөн, МТНБ қарапайым нөмірлері мен VIP нөмірлерді арнайы ХҚКО-ларда да алуға болады.
Қызмет «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті және ҚР Ішкі істер министрлігінің жұмысы арқасында жүзеге асты.
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы