Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оның күнделікті жетілдіріліп отырғаны байқалады.
Әлемдегі мемлекеттер қолдануға тиісті жемқорлықпен күресу механизмі жоқ. Ол сол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшеліктері мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу жағдайына байланысты екені белгілі.
Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаңа стратегиясы бектілді.
Стратегияның мақсаты мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының тиімділігін арттыру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалысқа кез-келген жемқорлықтың туындауына «нөльдік» төзімділік таныту арқылы қоғамда осы бағыттағы насихат, түсіндірулер жүргу негізінде сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету.
Стратегияда сыбайлас жемқолыққа қарсы іс-қимылдың негізгі бағыттары белгіленді. Атап айтқанда: мемлекеттік қызмет саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар қолдану; қоғамдық бақылау институттарын енгізу; мемлекеттік сыңайлы және жеке меншік секторларында сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттер жасау; құқық қорғау және сот органдарында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу; сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру; сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша халықаралық ынтымақтастықты дамыту.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) азаматтарға құқықтық көмек көрсету, халықтың әлеуметтік осал топтарына өмірлік маңызды мәселелерді шешуде заң көмегін көрсететін «Адал көмек» жобасын жүргізіп келеді.
Келелі жобаның негізгі мақсаты — ашықтықты қамтамасыз ету, тұрғындарды алаңдатқан мәселелердің шешу жолдарын тікелей әлеуметтік объектілерде қарастыру және заң аясында құқықтық көмек көрсету.
Жұртшылықпен оң бағаланған аталмыш жобаның жалғасымен өткен кезекті іс-шара Түркістан қаласы әкімдігінің «Халықтық кеңсесінде» тұрғын үй және жер салаларындағы проблемалы мәселелерге байланысты мемлекеттік орган өкілдері өңір тұрғындарын толғантқан мәселелеріне құлақ түріп, олардың шешу жолында азаматтармен кері байланыс орнатып, құқықтық кеңестер берді.
Тұрғындарға құқықтық кеңес беру шарасында Департаментпен бірлесіп, Түркістан қаласы әкім аппараты, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалы /жылжымайтын мүлік, кадастр бойынша/, Түркістан қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі, Түркістан қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімі және тұрғын үй инспекциясының өкілдері қатысты.
Шараға қатысқан азаматтардың негізгі мәселелері зейнеткер ретінде тұрғын үй кезегіне тұру, мүгедектігіне байланысты тұрғын үй кезегіне тұру, тұрғын үйіне мемлекеттік акті алу және тұрғын үй салу үшін жер алу мәселелеріне қатысты болды. Тұрғындарға заң шеңберінде түсіндірмелер берілді.
Іс — шараға келген азаматтарға мамандармен заң асында құқықтық кеңестер және бірқатар азаматтарға тұрғын үй алу үшін тұрған кезегінің реттік нөмірі туралы мәліметтер берілді.
Айта кетейік, «Адал көмек» жобасы аясындағы іс-шаралар жыл соңына дейін айына екі рет тұрғындардың келуіне қолайлы, жұртшылық көп шоғырланатын орындарда өтетін болады.