Еңбекші ауданында пробациялық есепке тіркелген азаматтар қоғамдық жұмысқа жегілген. Олар күніне 4 сағат уақытын, көше тазалығымен өткізіп жүр.. Бүгінде аудан бойынша 18 азамат шаһардың көгал аймақтарын қоқыстан арылтып, талдарды әктеп жүр.
Қоғамдық жұмысқа жегілгендер қатарында Игорь Лесниченока бар. Ол ұрлық жасау бойынша жазасын өтеп жатыр. Екі жылдан бері қоғамдық жұмысқа тартылған. 2025 жылдың қыркүйегінде жаза өтеу уақыты аяқталатынын айтады.
Игорь Лесниченко, жазасын өтеуші:
— Мен қылмыстық кодекстің 188 бабы яғни ұрлық жасау бойынша сотталғанымын. Сот үкімімен үш жылға жаза алдым. Сондай-ақ 100 сағат қоғамдық жұмысқа жегілдім. Қазіргі таңда Еңбекші ауданы бойынша көгал аймақтарды қоқыстан арылтып, шөп қырқып жатырмыз. Бес күн қоғамдық жұмыспен айналыссақ, аптасына екі рет тіркеліп тұрамыз. Беймезгіл уақытта үйден шықпауымыз керек.
Есепте тұрған азаматтар пробация қызметіне айына 2-рет, тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік пунктіне айына 1-рет барып тұруы міндетті. Сондай-ақ күніне 4 сағат қоғамдық жұмысқа араласады. Мәселен Еңбекші ауданында пробациялық есепте тұрған 18 азамат тазалық жұмысымен айналысып жүр.
Айта өтейік, жыл басынан пробациялық есепке 300 ге жуық азамат тіркелсе оның 15-і әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар. Оларға орталық мамандары жұмысқа орналасуға жәрдем береді.
Жыл басынан пробациялық есепке 300 ге жуық азамат тіркелсе оның 15-і әлеуметтік көмекке мұқтаж отбасылар екен. Оларға орталық мамандары мен Еңбекші аудан әкімдігі жұмысқа орналасуға жәрдем береді. Сонымен қатар психологиялық және материалдық көмек көрсетіп отырады. Айта өтейік, 2023 жылы Еңбекші ауданы бойынша пробациялық есепке 700 ден аса азамат тіркелген. Оның 63 әйел болса, 15-і жұмысқа жарамсыз азамат. Сонымен қатар 10-ы кәмелет жасына толмағандар.
Пробация – адамдардың қайта қылмыстық құқық бұзушылыққа бармауы үшін мінез-құлқын түзеуге бағытталған қызмет түрі мен бақылау және әлеуметтік-құқықтық сипаттағы шаралардың заңмен белгіленген жүйесі. Елімізде түрмеден шыққандарға әлеумет¬тік-құқықтық көмек беру ісі жолға қойылған. Осы орайда айта кетейік, әлеуметтік-құқықтық көмек, ол – пробацияның есебінде тұрған адамдарды әлеуметтендіруге бағытталған жеке бағдарламалар негізінде іске асырылатын шаралар кешені. Осы жылдың басынан бері еліміздің барлық өңірінде пробация қызметінің есебінде тұрған елу мыңнан аса сотталған адам әлеуеметтік-құқықтық көмектер алған көрінеді.