Сайрам ауданы білім бөлімінің «Аралас мектептердегі мемлекеттік тілдің оқытылу сапасын арттыру: мақсат, функционалдық сауаттылық, патриотизм » тақырыбындағы онкүндік жоспарына сәйкес, бүгін №4 мектеп-гимназиясында «Диалог құру арқылы 4К дағдыларын жетілдіру, тәжірибе процесінде білім алушыларды ынталандыру» тақырыбында аймақтық семинар өтті.
Мақсаты — 4К моделін командалық топтарда «Lesson study» зерттеу сабақтары арқылы мектептің оқу әдістемесін жетілдіру, жеке оқушылардың қажеттіліктеріне қарай оқыту, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынасты жетілдіру.
Семинардың ашылуында аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Г.Нұртанова сөз сөйледі.
Бағдарлама негізінде мектеп директоры У.Баялиев және «Педагог-шебер» мұғалімдері Н.Акрамова «Lesson study алгоритимдері» тақырыбында, ал Ф.Абубакирова «Case study» коучинг сабақтарын жоғары деңгейде өтті.
Lesson Study зерттеуі әрбір педагог үшін оның кәсіби деңгейін жетілдіруге көмектесетін, олардың өз тәжірибелерін бірігіп зерттеуден және сыни ойлаудан тұрады. Оқыту барысында бірлесіп жоспарлауды, қадағалауды, талдауды қажет етеді.
Сонымен қатар, оқу ордасында 4-7 сыныптарда тізбектелген екі зерттеу сабақтарын Н.Анарметова мен Н.Абатаевалар өткізді.
Шараға аймақтағы 7 мектептен 40 жуық мұғалім қатысып, тәжірибе алмасты.
Нәтижесінде семинардан алған тәжірибелерін өз мектептерінде іске асыратындығын айтып, мектеп- гимназия ұжымына өз алғыстарын білдірді.