Тәуелсіздік күні қарсаңында ел егемендігінің 30 жылдығы мен Арыс қаласының 65 жылдығы аясында Арыс қаласында мерекелік шаралар легі әлі де жалғасын табуда. Мәдениет үйінде ұйымдастырылған салтанатты жиында қала әкімі Гүлжан Құрманбековаға 2021-2025 жылға арналған «Белсенді ұзақ өмір» бағдарламасы аясында зейнеткерлерге арналған «Асыл жүрек» әлеуметтік орталығына қарасты Ардагерлер орталығы мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Тең қоғам» әлеуметтік орталығын ашқаны үшін республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігі Орталық кеңесінің төрағасы Б.Ізмұхамбетовтің дипломымен марапатталды.Салтанатты жиында Бақтықожа Салахиддинұлының елордадан арнайы жолдаған марапатын Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Исламбеков табыс етті. Құттықтауда ардагерлер ұйымы жұмысына сіңірген еңбегі, еліміздің мәдени және әлеуметтік-экономикалық дамуына белсенді қатысқаны, жастарға патриоттық, адамгершілік тәрбие бергені үшін Арыс қаласының әкімі Гүлжан Мамытқызына алғыс айтылған. Сондай-ақ, қала әкіміне республика бойынша алғашқылардың бірі болып ашылған заманауи үлгідегі Ардагерлер орталығын іске қосып, зейнеткерлерге қолайлы жағдай ұйымдастырып бергені үшін Арыс қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырбек Исламбековтің арнайы Алғыс хаты табысталды.
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі