Аудан басшысы Арман Сәбитов Манкент ауылдық округі тұрғындарымен есептік кездесу өткізді.
Кездесу барысында алдымен сүт өнімдерін өндейтін «YUG-GROUP-INVEST» ЖШС цехының жұмысымен танысты. Мұнда қазіргі таңда сүттің жетіспеушілігі жайлы өзекті мәселені талқылады.
Бүгінде Надыр Читилов басқаратын бұл кәсіпорын 2024 жылдың наурыз айында 1,0 га аумақта іске қосылған болатын. Аталмыш өндіріс орны аймақ халқының денін «Эль-Дениз» маркасымен дайындалатын чичель, сары май, брынза, сыр, 2,5%-дық йогурт айран секілді сүт өнімдерімен қамтып отыр. Ал, түркиялық құрал-жабдықтар арқылы өнімнің табиғи құнарын сақтау үшін 20 адам жұмыспен қамтылған.
Аудан басшысы кездесу кезінде бүгінгі көкейкесті мәселенің шешімін табу жолдары қарастырылатынын айтты. Ол үшін шаруалар «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында жеңілдетілген шағын несие ала отырып, сүттің өзін өндіру арқылы өнімдерін көбейту керектігін жеткізді.
Айта кетейік, жалпы жылына 9600 тонна өндірілетін сүт өнімдерінің 70% ы — ішкі нарыққа, 30%- сыртқы нарыққа жөнелтіледі.