Апта күндері Жамбыл ауданының әкімі Сәкен Арубаев ұзындығы 5 шақырымды құрайтын аудандық мәндегі Ерназар-Қойгелді бағытындағы жолға төселіп жатқан асфальт жұмыстарын назарға алды.
Тұрғындардың көптен бергі өтініші шұқыр, тесігі көп жолға жол жабындысын төсеу болатын.
Бүгінде сол өтініштерін орындалып, «ТехСтройИнжинеринг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстарды қолға алған. Жуық күндері аяқтауды көздеп отырған мердігер өкіліне өңір басшысы жұмысты сапалы аяқтауды, сараптама жүргізіліп, қорытынды алынатынын ескертті.
Аудан әкімінің орынбасары Нұрлан Несіпбековтың айтуынша, өткен жолы аудан көлемінде 98 көше жаңарса биылда бұл жұмыстар ағымдағы жылы да қарқынын жоғалтпаған.
– Жыл соңына дейін аудандық мәндегі 5 жолды жөндеуге 125,2 млн теңгеге аударылды. Олар: Бесағаш-Юбилейный, Құмтиын-Өрнек-Ерназар, Ерназар-Қойгелді, Құмсуат ауылына кіреберіс, Шайдана-Сеңгірбай бағытындағы жолдар.
Сондай-ақ 10 ауылдың 26 ауылішілік жолдарын жөндеуге 309,7 млн теңге бөлінген. Оның ішінде «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында 6 ауылдың 10 көшесі және аудандық бюджет есебінен 8 ауылдың 16 көшесі асфальттанады. Мұның басым көпшілігі аяқталған, – дейді Нұрлан Күдербайұлы.
Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі