АРЫСТЫҚ ЖАСТАР «АЙБЫН-2021» БАЙҚАУЫНДА ТАҒЫ ДА ТОП ЖАРДЫЕлордада Тұңғыш Президент күні қарсаңында «Айбын-2021» VIІ республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының салтанатты жабылу рәсімі өтті.Рәсім бейне байланыс арқылы Қазақстанның барлық өңірінде онлайн түрде көрсетіліп, жиынға қатысушылар тікелей эфирден бақылауға мүмкіндік алды.Қала әкімі Г.Құрманбекова, қала әкімінің орынбасары Р.Айтбаев, қалалық ішкі саясат бөлімінің басшысы Д.Егізбаев, Арыс қаласының қорғаныс істері жөніндегі бөлімі бастығы, подполковник Е. Билалов, 44859 әскери бөлім командирінің орынбасары подполковник М.Маликов және әскери-патриоттық клуб мүшелері шараның жабылу рәсімін қала әкімдігінің үлкен мәжіліс залында онлайн тамашалады. Екі айға жуық созылған жарыстың қорытындысы бойынша Арыс қаласының жастарынан құралған екі бірдей әскери-патриоттар клубы Түркістан облысының намысын қорғап, жүлделі орындарға ие болды.Атап айтқанда, Нұрсұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстардың өңірлерінен құрылған әскери патриоттық клубтар арасынан арыстық «Барыс» ӘПК клубы І орын иеленсе, «Арыс» ӘПК командасы ІІ орынды қанжығаларына байлады. — Барша жеңімпаздарды құттықтаймын. Сіздер Түркістан облысының намысын абыроймен қорғадыңыздар. Баршаңыз әскери іспен танысып, армия мен Қарулы Күштердің тарихы туралы білдіңіздер, жетістіктеріңізді, білімдеріңіз бен ептіліктеріңізді көрсеттіңіздер, жаңа достар таптыңыздар, өздеріңізді беріктікке сынап көрдіңіздер. Бұл жиын сіздердің Отанға деген сүйіспеншіліктің отын жақты деп сенемін — деді қала басшысы Г.Мамытқызы. Айта кетейік, осымен жетінші рет өткізіліп отырған жарысқа 74 команда, 2000-ға жуық оқушы қатысты. Жиын аясында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен жарыстар, «Айбын дарыны» зияткерлік ойыны, «Айбын жұлдызы» шығармашылық конкурсы, «Смарт сарбаз» конкурсы өтті. Онда жас құрастырушылардың қолымен жасалған роботтар және роботтандырылған жүйелердің түрлерін ұсынады. Сондай-ақ, биылғы бағдарламада жаңа жарыстар қосылды. Атап айтқанда, жас тілшілер арасындағы «Жас сарбаз – жас тілші» байқауы мен тоғыз-құмалақ ұлттық ойыны бойынша онлайн-турнир.Барлық арыстық патриот жастарымызды жеңістерімен құттықтаймыз!
Арыс қаласы әкімінің баспасөз қызметі