Бүгін аудан әкімі Арман Сәбитов кезектілік тәртібімен жазылған 7 тұрғынды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Жеке қабылдауға келген Ақсукент ауылының тұрғыны электр қуатының төмен болуына шағымданды. Белгілі болғандай, №30 көпқабатты үйде электр жарығы қазандықтың КТП-нан қамтамасыз етілген. Тұрғындардың электр қуатын жиі пайдалануына байланысты бұл үйде энергия тапшылығы байқалуда. Осыған орай халық көпқабатты тұрғын үй аумағында орналасқан трансформаторға жалғауды сұрайды. Аудан әкімі Арман Сәбитов бір апта көлемінде мәселе шешілетінін атап өтті. Енді аталған аймақта «Оңтүстік Жарық Транзит» мамандары жұмыс істейтін болады. Сонымен қатар, кездесуде жер, ауыз су және жеке мәселелер қаралды.
Осы уақытқа дейін А.Сәбитов 15 қабылдау өткізіп, онда 82 азаматпен кездесіп олардың өтiнiш-тiлектерiн тыңдағанын атап өткен жөн. Бүгінде 25 мәселе орындалу үстінде, ал 21 қанағаттандырылған. 36 заңға сәйкес түсіндіру жұмыстары жүргізілген.
Аудан басшысы тұрғындар тарапынан айтылған барлық мәселелер бақылауында болатындығын жеткізді.