Ағымдағы жылдың 3 қараша күні Аудан әкімдігі жанындағы «Әйелдер істері және отбасылық- демографиялық саясат жөніндегі» комиссияның кезекті отырысы ұйымдастырылып күн тәртібінде: — Білім мекемелеріндегі қыз балалар арасында ерте жүктілік және оның алдын алу бойынша 2021 жылға атқарылған жұмыстар. — Аудан көлеміндегі бала босануға қарсы көрсеткіші бар әйелдер және олармен жұмыс. — Жүктілігі бойынша есепке тұрған әйел азаматтарын қадағалау, ана мен бала көрсеткіші мәселелері. — Ордабасы аудандық «Аналар кеңесінің» 2021 жылға атқарған жұмыстары жөнінде тиісті сала мамандарының баяндамалары тыңдалып, комиссия мүшелері тарапынан туындаған ұсыныс пікірлер талқыланды.
Ордабасы ішкі саясат бөлімі