Қаратау ауданы әкімі аппаратының қызметкерлерімен бірлесе отырып, аудан көшелері мен аулаларын жаяу аралау жұмыстары тұрақты түрде жүргізілуде. Мұндай шаралар тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға, аумақтың тазалығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Әсіресе санитарлық жағдай күнделікті бақылауда ұсталып, анықталған мәселелерді дер кезінде шешу басты назарға алынған.
Бүгінгі аралау барысында “Қайтпас” және “Нұртас” шағынаудандары, сондай-ақ “Достық” және “Тассай” тұрғын алаптарындағы ішкі орам көшелер жаяу араланды. Мониторинг барысында көшелердің жарықтандырылу деңгейі, автомобиль жолдарының сапасы мен аяқжолдардың қолайлылығы қаралды. Сонымен қатар, санитарлық тазалық пен аулалардың абаттандырылу жағдайына ерекше көңіл бөлінді.
Тұрғындармен тілдесу кезінде олардың ұсыныстары тыңдалып, күнделікті тұрмысқа қатысты өзекті мәселелері жазып алынды. Әсіресе балалар ойын алаңшаларының жетіспеушілігі, қоқыс шығару жұмыстарының жүйелілігі мен қоғамдық тәртіпті сақтау жайлы пікірлер көтерілді.
Анықталған бірқатар мәселелер бойынша тиісті мекемелерге нақты тапсырмалар берілді. Жауапты қызметтерге белгіленген мерзім ішінде жұмысты атқару және нәтижесін тұрғындарға жеткізу міндеттелді.
Қаратау ауданы әкімдігі алдағы уақытта да көшпелі аралауларды тұрақты жалғастырып, әрбір тұрғынның сұрағы назардан тыс қалмауын қамтамасыз етпек. Бұл жұмыстар халықпен тығыз байланыс орнатып, мәселелерді жергілікті жерде шешуге мүмкіндік береді. Мұндай аралаулар жергілікті билік пен халық арасындағы сенімді нығайтып, тұрғындардың белсенділігін арттыруға жол ашады. Әрбір азаматтың пікіріне құлақ асу – ауданның дамуы мен көркеюінің басты кепілі болып табылады.