Ауданының тазалығы – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі

Ауданының тазалығы

Қаратау ауданының көркі мен тазалығы тек тазалық қызметкерлерінің еңбегіне ғана сүйенбейді. Бұл – осы ауданда өмір сүретін әрбір тұрғынның мәдениеті мен азаматтық жауапкершілігінің айқын көрсеткіші. Бір реттік немқұрайдылықтың өзі талай еңбекті жоққа шығаратынын күнделікті өмірден-ақ байқауға болады. Сондықтан қоғамдық орындардың тазалығын сақтау – барлығымыздың ортақ міндетіміз.

Ауданның саябақтары, жаяу жүргінші жолдары, аялдамалары, демалыс орындары мен аула аумақтарының тазалығы ең алдымен әр адамның өзінен басталады. Әркім отырған орнын немесе пайдаланған кеңістігін таза қалдырса, Қаратау ауданының да жалпы мәдени бейнесі жақсарып, келбеті көркейе түсер еді. Өзіне тиесілі жерді реттеп кету – қарапайым тәртіп қана емес, қоғамға деген құрметтің белгісі.

Қаратау ауданы соңғы жылдары абаттандыру, көгалдандыру, ойын алаңдарын жаңарту бағытында елеулі жұмыстар атқарып келеді. Алайда бұл еңбектің шын мәнінде нәтижелі болуы тұрғындардың да белсенділігіне байланысты. Тазалық сақтау тек коммуналдық қызметтің жұмысы емес, тұрғындардың да күнделікті қалыпты әрекетіне айналуы тиіс. Бір адамның жауапсыздығы бүкіл ортаның көрінісіне нұқсан келтіруі мүмкін, ал бір адамны«Тазалық – тәртіптен басталады» деген сөз тегін емес. Тазалық бар жерде тәртіп қалыптасады, ал тәртіп орнаған ортада жайлылық пен қауіпсіздік te қамтамасыз етіледі. Қаратау ауданында тұрғындардың белсенділігі мен жауапкершілігі артқан сайын, өмір сүру сапасы да жақсара түсетіні анық.

Қоғамдық мәдениеттің ең қарапайым көрсеткіші – адамның өзі отырған орынды таза қалдыруы. Бұл — өзгеге құрмет, ортаға жанашырлық және азаматтық сананың көрінісі. Әсіресе балалар алаңдарына, саябақтарға және көпшілік жиналатын орындарға ұқыптылықпен қарау – келер ұрпаққа үлгі.

Қоршаған ортаға деген жанашырлық әркімнің бойында болуы тиіс. Қаратау ауданын таза, жинақы, көркем ету – баршамыздың қолымызда. Егер әр азамат өзінен бастаса, ауданның да, қаланың да келешек келбеті жақсара түсетіні сөзсіз.ң үлгісі тұтас көшеге, тіпті ауданға оң әсер береді.