Түркістан облысына іс-сапармен келген еліміздің Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Ордабасы ауданына қарасты Төрткүл ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан спорттық-сауықтыру кешенінің жұмысымен танысты. Сапар барысында сала министрі мемлекеттік бағдарлама арқылы құрылысы басталған нысандардағы сапа мәселесін басты назарға алуды тапсырды. Өз кезегінде аудан әкімі Бағлан Батыршаев «Ауыл ел бесігі» жобасы аясында бой көтерген нысан жыл соңына дейін пайдалауға берілетіндігін айтып өтті. Айта кетерлігі, алдағы уақытта Төрткүлдегі жаңа спорт кешенінде ауылдық округке қарасты бес елді мекеннің жастары мен жасөспірімдері спортпен шұғылданатын болады.
Ордабасы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі