Еліміздің энергетикалық қажеттіліктері өсіп, экологиялық талаптар күшейіп келе жатқанда, атом электр станцияларын салу тиімді және сенімді шешім болып табылады.
Шымкентте жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Энергетика және байланыс колледжінің студенттері арасында АЭС салу мәселесі бойынша кездесу өтті.
Кездесудің басты тақырыбы – Қазақстанда атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі болды. Жиын барысында энергетика саласының мамандары мен сарапшылар студенттерге АЭС-тің энергетикалық қауіпсіздікке қосатын үлесі, оның экологиялық және экономикалық артықшылықтары жайлы түсініктемелер берді.
Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, АЭС-тің қауіпсіздігі, радиациялық тәуекелдер және оны салудың қоршаған ортаға әсері туралы сұхбат жүргізді. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстандағы энергетикалық тәуелсіздік пен оның әлемдік нарықтағы рөлі де талқыланды.
Бұл кездесу АЭС салу мәселесіне қатысты жастардың пікірін тыңдап, олардың сұрақтарына жауап беру үшін маңызды платформаға айналды.
Сондай ақ Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Энергетика — адамзаттың болашағы» тақырыбында студенттер арасында маңызды кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты – жастарды энергетика саласындағы өзекті мәселелермен таныстыру және болашақ даму бағыттары туралы ой бөлісу болды.
Кездесу барысында АЭС-тің экономикалық пайдасы мен оның елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі талқыланды. Спикерлердің арасында “BasQaru” қоғамдық қорының басшысы Марғұлан Ермағанбетұлы ерекше назар аударып, тақырып бойынша маңызды пікірлерімен бөлісті. Шараға 200-ге жуық жас қатысып, олар да өз сұрақтарын қойып, қызықты пікірталастарға белсене қатысты.
Бұл кездесу жастардың энергетика саласына деген қызығушылығын арттырып, олардың ой-өрістерін кеңейтуге үлес қосты.