Кентауда жаңа аялдамалар орнатылып жатыр

жаңа аялдамалар

Кентау қаласында тозығы жеткен және аялдама қажет ететін орындарға 20 жаңа аялдама орнатылып жатыр. Бүгінде Шұғыла мөлтек ауданына 10 және қаланың орталық аумақтарына 10 жаңа аялдамалар орналастырылып, қолданысқа берілді.

Сондай-ақ, шаһардағы орталық көшелердегі жол таңбалау жұмыстары жүруде. Атап айтқанда мердігер мекемемен келісім шарт түзіліп, қаладағы Қ.А.Ясауи, Әл-Фараби, Абай, Ш.Уалиханов, Панфилов, Б.Момышұлы, Төлеби көшелеріндегі жаяу жүргіншілер өткеліндегі және білім беру ұйымдары алдындағы автотұрақтарға жол таңбалары сызылды.

Сонымен қатар, қала көшелеріндегі бояуы көшкен 39 дана жаңа жол белгілерін орнату және 150 дана жол белгілерін сырлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы уақытта қосымша жол белгілерін жаңарту жұмыстары жалғасын табады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі