Әлеуметтік желілерде Шымкентте ағаштардың қарын сілкіп, түсіруге бюджеттен 600 миллион теңге қаржы бөлінгендігі туралы ақпарат тарады. Осыған байланысты қала әкімінің орынбасары Е.Білісбеков ақпараттық-коммуникациялар орталығында брифинг берді.Әкім орынбасары Шымкент қаласының 2022-2024 жылдарға арналған бюджеті Қазақстан Республикасының тиісті заңдарында көрсетілген талаптарға сәйкес қалыптастырылады және қаланың жасыл желектерін күтіп ұстау, жаңа ағаштар отырғызу, мерзімдік дәрілеу, суару, бұтау, ақтау және қардан тазарту секілді бірнеше жұмыстарды қамтитынын.Сондай-ақ, осы жұмыстарды атқаратын азаматтардың еңбекақысы, сол жұмысқа пайдаланылатын көлік пен арнайы техниканың жанар-жағар майы мен өзге де шығындары кіретінін айтты.«Шымкент қаласының территориясы 116 мың гектарды алып жатыр. Қазіргі уақытта қала аумағында 6 миллионнан астам түп ағаш бар. Бұдан бөлек, қала аумағында 8 саябақ пен 39 гүлзар бар. Ал, мақалада көрсетілген қарды сілкіп түсіру жұмыстары жалпы жасыл желекті күтіп ұстау жұмыстарының көптеген бағыттарының бір тармағы ғана. Яғни, мұндай жұмыстар қауіпсіздік мақсатында адамдар жиі жүретін көпшілік орындардағы 66 220 түп ағашта жүргізіледі деп жоспарланып, қаржылық сметалық шығындары 891,4 мың теңге (600 миллион емес) қаралған»,-деді Е.Білісбеков.Айта кетейік, егер қыс мезгілінде қар жаумаған жағдайда бұл қаржы толықтай бюджетке кері қайтарылады. Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, қала әкімінің орынбасары желіде таралған ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтып, БАҚ өкілдерінен ресми және шынайы ақпаратты таратуға шақырды.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі