Ақмола облысында туризм саласындағы кәсіпкерлерді қолдау бойынша «Байтақ жер» жобасының екінші кезеңі іске қосылды

Алматы, 16 қазан — Орталық Азияның Еуразия Қоры «Шеврон» компаниясымен серіктестікте «Байтақ жер» жобасының екінші кезеңін іске қосады. Жоба эко-, этно- және агротуризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау есебінен ауылдық жерлерде халықтың экономикалық проблемаларын қысқартуға бағытталған.

Жобаның пилоттық кезеңі жыл бойы Ақмола облысының үш ауданында – Зеренді, Сандықтау және Қорғалжын аудандарында – жұмыс істеді. Бірінші кезеңнің қорытындысы бойынша 40-тан астам кәсіпкер оқудан өтіп, олардың 6-ы өз жобаларын іске асырып, кірістерін арттыра алды.

Жобаның қазіргі кезеңі бүкіл Ақмола облысын қамтиды. Байтақ жердің негізгі мақсатты аудиториясы – шағын және орта бизнестің ауыл кәсіпкерлері. Жоба өңірдің экономикасын одан әрі дамыту және жақсарту үшін олардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Осы мақсатта кәсіпкерлер онлайн және офлайн оқытудан өтеді, оның қорытындысы бойынша бизнес-идеяларын әзірлейді.

«Байтақ жер» іріктелген жергілікті ШОБ идеяларын қолдайды және оларға 0% мөлшерлемемен және кепілдікпен қарыздар береді. Жобаларды әзірлеуде кәсіпкерлерге тартылған сарапшылар көмектеседі.

Жобаның тағы бір бағыты – адвокация. Ол үшін жоба командасы БАҚ-мен эко, этно және агротуризм және баламалы туристік бағыттар туралы хабардарлықты арттыру үшін жұмыс істейтін болады.

Жобаның серіктестері арасында Ақмола облысының кәсіпкерлік және туризм басқармасы, «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы, «MOST» бизнес-инкубаторы, «Авалон» қоғамдық бірлестігі, «National Geographic» журналы және басқалар.

Жоба командасы жобаны халыққа таныстыру мақсатымен Астана және Көкшетау қалаларына, сондай-ақ Аршалы, Ерейментау, Ақкөл, Зеренді аудандарына барып, сұрақтарға жауап береді. Кездесулерге барлық мүдделі кәсіпкерлер шақырылады.

Жобаны таныстыру мақсатымен облысқа жасалатын сапарлар кестесі:

Астана қаласы және Аршалы ауданы – 2023 ж. 30 қазан

Ерейментау ауданы – 2023 ж. 31 қазан

Ақкөл ауданы – 2023 ж. 1 қараша

Көкшетау қаласы және Зеренді ауданы – 2023 ж. 2 қараша.

Жобаға қатысуға өтінімді мына сілтеме бойынша 20-шы қарашаға дейін қалдыруға болады. «Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.

Байланыс:

Алия Испаева, жоба менеджері aliya@ef-ca.org

Айжан Жансултанова, жоба маманы aizhan@ef-ca.org