Алматы, 14 желтоқсан — Пандемия, ішкі және дүниежүзілік геополитикалық жағдай адамдардың өмір салтын өзгертеді, қазақстандықтар осы тұста басқа елдердің азаматтары секілді жаңа шешімдерді іздей бастады. Олардың бірі — ішкі туризмнің дамуы. Сол себептен, елімізде әртүрлі бағдарламалар мен жобалар пайда болды, олардың арасында — екі жыл қатарынан жүзеге асырылатын туризм саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге бағытталған “Байтақ жер” жобасы.
Қазанның ортасында Орталық Азияның Еуразия Қоры «Байтақ жер» жобасының ІІ кезеңін бастады. Жоба командасы қатысуға ниет білдірушілер арасынан 40 Ақмола облысының кәсіпкерін таңдап, оларды инкубациялық бағдарламаның І кезеңіне қатыстырды.
11-12 желтоқсан аралығында өткен бағдарламаның ішінде тыңдаушылар белсенді оқып, бір-бірімен танысып, сарапшылармен жеке жұмыс жүргізіп, продакт менеджмент бойынша маңызды білім жинады, келешекте атқарылатын жұмыс жоспарын құрды.
— Офлайн-оқыту арқылы біз “Байтақ жер” қатысушыларына өз бизнес-идеяларын анық түсінуге және ең инновациялық деген жобаларды таңдауға тырыстық. Бағдарламада практикалық артықшылықтарға көп көңіл бөлінді, сондықтан біз спикерлердің теориялық дәрістері мен презентацияларын тақырыптық воркшоптармен және сарапшылардың трекиңімен толықтырдық. Сонымен қатар, бір сессияның тренері ретінде жобамыздың өткен кезеңінің қатысушысы Амина Есина өз тәжірибесі жайлы баяндады, — деді жоба менеджері Алия Испаева.
Бағдарламаның әртүрлілігі қатысушылардың кәсіпкерлік дамуында орын алатын жүйелік қиындықтарына талдау жасап, олардың жеке тиімділігін арттырып, тәлімгермен бірге жобаларының жеке дамыту жоспарларын құруға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, кәсіпкерлер қаржыландыру тәсілдерін тауып, қаржылық модель құруға, негізгі сату жолдарын зерттеуге мен тауарларды мақсатты нарықтарда жарнамалауға үйреніп, эко-, этнотуризм жобаларының табысты дамуы кейстары туралы біліп алды. Тыңдаушылар тағы да бір маңызды дағдыны — жоба дамытуының тиімді жолын таңдауға машықтады.
— “Байтақ жер” жобасының қатысушылары — бағыттары әрбасқа туризмнің өкілдері. Үдерістерді цифрландыру, эко-, этнотуризм әуесқойларына арналған саяхаттар, бүркітпен аңға шығу, әуесқойлар мен кәсіби балықшылар үшін жағдай жасау деген сияқты бағдарлары бар. Трениң қатысушыларының жоғары ынтасы, жұмыс істеу қабілеті мен бақылау қасиеті қазақстандық туризмнің дамуына, оның кәсіби деңгейінің жоғарылауына өз үлесін қосады деген сенімдемін, — деді жоба сарапшысы, «MOST» кәсіпкерлік инкубаторының кеңесшісі Татьяна Хасанова.
Оқыту бағдарламалары және 2024 жылғы ақпанда өтетін Demo Day нәтижесінде 1-7 млн теңге мөлшерінде 2 жылға берілетін пайызсыз қарызбен қаржыландырылатын және сарапшылардан трекиң алатын 10-12 жоба анықталатын болады.
— Жоба ұйымдастырушыларына алғысым зор, себебі, оқыту барысында мен туризм туралы жаңа ақпаратты және оны кәсібіме қалай енгізу керектігі жайлы біліп алдым. Барлығы өте қызықты өтті, мен көп конспект жасадым. Бағдарламаның басқа қатысушыларымен танысу мүмкіндігін жоғары бағалаймын, олармен оқытудан кейін байланыста болуды жоспарлап отырмын, — деп бөлісті Ақкөл ауданынан келген инкубация бағдарламасының қатысушысы Фарида Елеусизова.
“Байтақ жер” жобасының мақсаты — туризм саласындағы кәсіпкерлікті қолдау арқылы ауылдық жерлерде тұратын адамдардың экономикалық мәселелерді қысқарту болып табылады. 022 жылы жобаға Ақмола облысының 60 тұрғыны өтінім беріп, оқыту бағдарламасының 6 қатысушысы қарыз алып, өз жобаларын жүзеге асырды. Биыл қазан айныда жобаның ІІ кезеңі басталып, оған қатысуға ниет білдірушілердің саны 25% артты, ал оқыту бағдарламасының мазмұны тереңдеп, ол Ақмола облысының кәсіпкерлерінің қажеттіліктеріне бейімделді.
«Байтақ жер» жобасы туралы толық ақпаратты http://baitaqzher.kz/kz ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram парақшасынан таба аласыз.
Елена Гаркава,
«Байтақ жер» жобасының коммуникациялар жөніндегі маманы