Балаларға арналған ойыншықтарды қалай таңдаған дұрыс?
Әрбір ата-ана үшін бала денсаулығы бәрінен де маңызды екендігі анық. Балаларын қуанту үшін ата-ана барынша тырысады және ол үшін көбіне ойыншық алып беріп жатады. Осы тұста туындайтын сұрақ: сіз сатып алған ойыншықтың балаңыз үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткіздіңіз бе? Өкінішке орай, көбі «жоқ» деп жауап берер еді. Себебі, ата-аналар кейбір ойыншықтардың бала денсаулығына зиян әкелетіндігін, тіпті ойыншықтан улану жағдайлары да болатындығын біле бермейді.
Балаға ойыншық таңдау – барын¬ша ұқып¬ты¬лықты, жауап¬кер¬шілікті талап ететін жағдай.
Балалар ойыншықтарын сатып аларда оның иісіне, түріне, боялуына мән беру керек. Өткір, жағымсыз, бөтен иіс, майысу, үшкір қырлары, қылаулары болмауы керек. Сатып аларда оны оңай тексеруге болады, ойыншықты ылғалды сүлгімен немесе саусағыңызбен сүртіп көріңіз, егер сүлгі немесе саусағыңызға бояу жағылса, онда мұндай ойыншықты сатып алмаған жөн.
Сонымен қатар, балалар ойыншықтарының таңбалануында келесі мәліметтер болуы қажет:
- атауы, өндіруші елі, жасалған жері;
- өндірушінің мекен-жайы, импортері, олармен байланысу сымтетігі;
- өндірушінің тауар белгісі;
- баланың жас мөлшеріне сәйкес ойыншығы және пиктограммасы, негізгі құрастырғыш материалы (3 жасқа дейінгі балалар үшін) (қажеттілігіне сай);
- ойыншық күтімі (қажеттілігіне сай);
- шығарылу күні (айы, жылы), сақтау мерзімі, сақталу жолы (қажеттілігіне сай).
Сатылымға шығар алдында ойыншықтар «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 008/2011 Кеден одағының техникалық регламентінің талаптарымен сәйкестендірілуі керек.
Тұтынушыларға кеңес!
Ойыншық сатып аларда арнайы дүкендерден сапалы әрі сәйкестігін растайтын құжаты бар, арнайы тексерістен өткен ойыншықтарды сатып алғандарыңыз жөн. Егер де сыртында таңбалануы толық жазылмаса, сатушыдан ақпарат алуға болады және сатушы сізге тауар туралы толық, әрі нақты ақпаратты беруге міндетті. Бұл ақпарат сіздің балаңыздың денсаулық жағдайына тікелей байланысты болады. Осы ақпараттың бәрімен таныса отырып, сапалы әрі қауіпсіз тауар алып жатқандығыңызға сенімді боласыз. Сауатты тұтынушы сапалы және денсаулыққа зияны жоқ тауарларды таңдайды.