Бастамалар жүйелі түрде жүзеге асып келеді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жүйелі реформасы еліміздің болашақ дамуы мен ертеңгі күннің жаңа беталысын айқындағаны анық. Өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылым негіздерін жоймай, қоғамның, өмірдің кейбір жағын жетілдіру, дамыту мақсатында қайта өзгертулер енгізілді.
Жолдаулар, саяси саладағы өзгерістер, Үкіметке жүктелген тапсырмалар-бәрі де халық үшін құлақ асатын, елге қызмет көрсетуші Мемлекет орнықтыру міндетінен туындап отыр.

Жалпы елдегі саяси, экономикалық реформалардың барлығы мемлекеттің дамуына, азаматтардың конституциялық құқықтарын күшейтуге, адами капиталды арттыруға, қоғамдағы азаматтық белсенділіктің қалыптасуына, халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартуға, Қазақстандықтардың жайлы өмір сүруі үшін жасалып жатыр.

Президент реформасы-жаңашылдықтың бастауы, жаңа бастамалар, жаңа жоспарларға серпіліс беріп, олардың іске асуына жетелейді. Мемлекет басшысының міндеттеген реформаларын іс-жүзінде жүзеге асыру алдыңғы орында. Осы мақсатта жаңа бастамалар негізінде бірқатар жұмыстар іске асып жатыр. Әлі де алдағы уақытта мұндай шаралар толастамайды деп мен нақты сеніммен айта аламын.

Жансерік Жұман,
«Жастар рухы» жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы