Бүгін Директорлар кеңесінің шешімімен Баян Қайратұлы Қоңырбаев «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы болып сайланды.
Баян Қоңырбаев 1986 жылы Алматыда дүниеге келген. Оның 15 жылдық жұмыс тәжірибесі бар. 10 жылдан астам басшылық лауазымдарда және IT-инфрақұрылымда бес жылдан астам қызмет етті. SP3 PE (Charterholder, APMG) АҚШ сертификатталған мемлекеттік-жекеменшік серіктестік маманы.
2008 жылы «Радиотехника, электроника және телекоммуникация» мамандығы бойынша Алматы энергетика және байланыс институтын, 2011 жылы — Цинхуа университетін «Менеджмент және инженерия» мамандығы бойынша, 2017 жылы — «Қолданбалы бизнес-зерттеулер» бағыты бойынша Швейцария бизнес мектебін бітірген. 2019 жылы АҚШ-тың Массачусетс технологиялық институтында (MIT) цифрлық трансформация (Платформа стратегиясы, ЖИ, Блокчейн, Бұлтты аналитика, Киберқауіпсіздік) бойынша оқудан өтті.
Еңбек жолын құрылыс саласында бастаған. 2009 жылғы қаңтардан 2011 жылғы қыркүйекке дейін ҚХР, Бейжіңдегі қазақстандық компанияның өкілі болып жұмыс істеді. 2011 жылғы қазаннан 2017 жылғы қаңтарға дейін қытайлық және американдық компанияларда шетелде жұмыс істеді. 2017 жылғы наурыздан 2018 жылғы қаңтарға дейін «Bright Oceans Corporation Group» жобаларды сату бөлімінің аға басшысы қызметін атқарды. Қытайлық компанияларда жасанды интеллект негізіндегі шешімдерді біріктіруде тәжірибесі бар.
2018 жылдан 2019 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылымдарында жұмыс істеді, онда менеджерден бизнесті трансформациялау департаментінің директорына дейін еңбек жолын өтті. 2019 жылғы қыркүйектен бастап Алматы қаласы цифрландыру басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарып, ал 2020 жылғы ақпаннан бастап осы басқарманың басшысы болып тағайындалды.
2023 жылғы тамыз айынан бастап «Цифрлық сауда дәлізі» АҚ технологиялар жөніндегі бас директоры, Сингапур теңіз портының компаниялар тобының мүшесі қызметін атқарды. Мультимодальды тасымалдауға арналған цифрлық платформаны дамыту, әзірлеу мен серверлік инфрақұрылымды басқару, сондай-ақ ақпараттық платформаны стратегиялық дамыту мәселелеріне жетекшілік етті.
«ҰАТ» АҚ Қоғаммен байланыс басқармасы