Жол полициясының инспекторы Самат Алашев 2011 жылғы қарашаның сол бір қаралы күні өзінің командирі Ғазиз Байтасовпен бірге арнайы тапсырмаға аттанды. Олардың алдында қару-жарақ дүкеніне қарулы шабуыл жасаған қылмыскерді ұстау міндеті тұрды.
Террористі ұстау операциясы кезінде аса батылдық танытқан Самат Алашев оқ жарақатын алып, ес-түссіз ауруханаға жеткізіледі. Әріптес досы Ғазиздан айырылғанын ол кейінірек біледі.
Бейбіт тұрғындардың өмірін сақтауда өз өмірін қатерге тігіп, қызметке деген адалдық танытқаны үшін полиция инспекторы Самат Алашев ҚР Президентінің Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды.
С.Алашев қазіргі уақытта Тараз қаласы Полиция басқармасының Жергілікті полиция қызметі бөлімінің аға инспекторы лауазымында қызмет атқарады.
ЖО ПД баспасөз қызметі