Бүгінгі таңда технологияның дамыған заманында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы Шымкент қаласында да сәтті жүзеге асуда. Оған қалада пайда болған ақылды емханалар, смарт жобалар мен электронды қызметтер дәлел. Мамандардың айтуынша, тіпті бағдарламаның өрістеуі қылмыс санын да азайтып, алдын алуға үлкен септігін тигізіп отыр. Цифрлы заманауи технологияны қолдану халықтың өмір сапасын арттыруға жол ашып отыр.
Өткен аптада тұрғындардан Жедел басқару орталығының «102» арнасына әр түрлі сипаттағы 7861 қоңырау келіп түсті. Оның 3492-і тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде.
Сондай-ақ, бейнекамералардың көмегімен шаһар аумағында орын алған 8 қылмыс ізін суытпай ашылды. Атап айтқанда, 5 ұрлық, 1 қарақшылық, 1 бұзақылық және 1 басқада жайтқа қатысы бар күдіктілердің жеке басы анықталды.
Соның ішінде, 3-қараша күні таңғы сағат 5 шамасында Қаратау аудандық полиция басқармасына 102 арнасы арқылы қаладағы жанармай бекеттерінің бірінің кассирі шағымданды. Ол өз арызында, белгісіз тұлға жанармай бекетіне кіріп, пышақпен қорқытып, кассадан ақша тартып алып кеткенін жеткізді.
Аталған жайтты полиция қызметкерлері Қазақстан Республикасы Құқықтық Кодекснің «Қарақшылық» бойынша тіркеп, жедел іздестіру жұмыстарына кірісті. Жедел ба0ылау орталығының бейнебақылау инспекторларымен жүргізілген нәтижелі жұмыстың арқасында көп ұзамай күдіктінің жеке басы анықталып, Қаратау аудандық полиция басқармасына жеткізілді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Егер қандай да бір ережелерін бұзсаңыз, мұның бәрі бейнебақылау камералары мен бекіту жүйелерінің назарынан тыс қалмайды. Осыған байланысты Шымкент қаласының полицейлері жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігі туралы ескертеді.