Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты №1 А.С.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясының мемлекеттік қызмет көрсету сапасына және қызметті алушылардың кедергісіз қызмет алуына Қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілді.
Бақылаудың мақсаты, мемлекеттік қызмет көрсету сапалылығы, қызметті алушыларға қолайлы жағдайдың болуы және мемлекеттік қызмет көрсету кезінде сервистік және клиентке бағдарланған ұстанымды қалыптастыру болып табылады.
Қоғамдық бақылау жүргізу шараларына Департаменттің Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының бас маманы А.Қансейіт және Республикалық «Уақыт талабы» газетінің бас редакторы, «Ntime.kz» ақпараттық агенттігінің директоры Ж.Жайлыбаева қатысты.
Бақылау барысында: қызмет алушыларға мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы өзекті ақпарат тақтасы, мүмкіндігі шектеулі адамдардың кіріп шығуы (пандус) және тактильді батырмалары, өз-өзіне қызмет көрсету бұрыштамалары және Q-код арқылы мектеп-гимназияда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алуға болатын ақпараттармен таныстырылды.
Өз кезегінде, жұмыс тобының мүшелері қызмет көрсетуде жұртшылыққа қолайлы жағдай жасап, әр қызмет алушының мәселесіне, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін қажетті жағдайлар жасау қажеттігін айтты.
Сонымен қатар, Қоғамдық бақылау барысында, мемлекеттік қызмет көрсетудегі бұзушылықтарды болдырмау, оларды жасауға ықпал ететін себептер, қызмет алушыларға бюрократиялық көріністерге жол бермеу бойынша ұсыныстар айтылды.
