Тұрақтылық пен ұлттар арасындағы татулық, бірлік – біздің ең маңызды байлығымыз саналады. Қазақстан — ұлтаралық келісімді сақтай отырып, өзге дін өкілдеріне де айрықша құрмет пен сыйластық танытып отырған зайырлы елдердің бірі. Сайрам ауданының жастары, ұрыс-қимыл ардагерлері, спорт саласының қызметкерлері мен мешіт имамдары арасында семинар-кездесулер ұйымдастырылды. Жиынға Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі Тұрсынғали Төреғалиұлы және аудандық Ішкі Саясат Бөлімінің маманы Молдияр Бахтиярұлықатысты.
Іс-шараның мақсаты – аудан активтері мен дін қызметкерлері арасында жат ағымдарға қарсы иммунитет қалыптастыру, ақпараттық түсіндірме жұмыстары арқылы халқымыздың діни ағымдар мен секталардың жетегінде кетуден сақтандыру болып саналады. Сондай-ақ семинар барысында қоғамдағы келеңсіз нәрселердің алдын алу, жасөспірімдерді түрлі жат қылықтан аулақ қылу, жастардың бойында патриоттық сезімді ояту, сенім мен жауакершілік мәселелері талқыланды.
Кездесу барысында жалпы 150-ге жуық қатысушылар тарапынан тақырыпқа байланысты ой-пікірлер ортаға салынды. Сондай-ақ, бірқатар сұрақтар қойылып, тиісті жауаптар берілді.