Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар –қоғамның иммундық қалқаны

Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар

Қазіргі таңда әлем бойынша қоғамдық денсаулықты сақтаудың ең тиімді әдістерінің бірі – вакцинация.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар  арнайы профилактикалық егулер арқылы алдын алуға, таралуын тоқтатуға болатын жұқпалы аурулар. Вакцинамен басқарылатын 22 инфекция бар. Республикалық қаржы есебінен салынатын міндетті вакциналар: коронавирус инфекциясына және адам папилломасы вирусына қарсы вакцина. Жергілікті қаржы және эпидемиялық жағдайға қарай салынатын вакциналар: құтыру, іш сүзегі (тырысқақ), көктемгі–жазғы кене энцефалиті, В гепатиті, b-типті гемофильдік инфекция (Hib), дифтерия, көкжөтел, қызылша, қызамық, полиомиелит, сіреспе, туберкулез, оба, эпидемиялық паротит, дизентерия, пневмококк, A гепатиті, тұмау, күйдіргі, туляремия.

Қазақстан Республикасында 22 вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулардың алдын алу мақсатында Ұлттық егу күнтізбесі бекітілген. Вакцинация халықтың барлық жас топтарын инфекцияларға қарсы жоспарлы түрде вакцинамен қамтуды көздейді. Алайда, вакцинация тек жеке адамды ғана емес, тұтас қоғамды инфекциялардан қорғайды. Айта кетсек, ұжымдық иммунитеттің рөлі аса маңызды.

Ұжымдық иммунитет – халықтың көп бөлігі вакцинацияланған кезде аурудың таралуы тежеліп, егілмеген немесе егілмейтін (денсаулығына байланысты) адамдар да жанама түрде қорғалатын жағдай. Әсіресе, жаңа туған сәбилер, ауыр созылмалы дерттері бар немесе иммун тапшылығымен адамдар үшін өте маңызды.

Қызылша өте жұқпалы ауру. Халықтың 95%-ы вакцинамен қамтылса ғана инфекцияның таралуы тоқтайды. Егумен қамтылу деңгейі 90%-дан төмендегенде ұжымдық иммунитет әлсірейді. Қазақстанда 2023-2024 жылдары орын алған қызылша өршуімен дәлелденді. Көптеген ауыр жағдайлар, тіпті өлім-жітім де тіркелді.

 Қазақстанның Ұлттық егу күнтізбесі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсынымдарына және халықаралық тәжірибеге сай жасақталған. Күнтізбемен жоспарлы түрде балалар туғаннан бастап есейген жаста түрлі вакциналар:

  • Туберкулез: туылғанда 1-4 күн;
  • «В» вирусты гепатиті: туылғанда 1-4 күн, 2 ай, 4 ай;
  • Полиомиелит: 2 ай, 3 ай, 4 ай, 12-15 ай, 18 ай;
  • Көкжөтел, дифтерия, сіреспе: 2 ай, 3 ай, 4 ай, 18 ай, 6 жас (1 сынып);
  • b типті гемофильдік инфекция (Hib): 2 ай, 3 ай, 4 ай, 18 ай;
  • Пневмококк инфекциясы: 2 ай, 4 ай, 12-15 ай;
  • Дифтерия, сіреспе: 16 жас және әр 10 жыл сайын, сонымен қатар жарақат алған, тері қабаттары мен шырышты қабықтары тұтастығы бұзылып зақымданған адамдар;
  • Қызылша, қызамық, эпидемиялық паротит: 12-15 ай, 6 жас (1 сынып), эпидемиологиялық көрсетілімдермен егіледі.

Ұлттық егу күнтізбесіне сай екпе алу халықтың түрлі жастағы және осал топтарының инфекциялық аурулардан қорғануын қамтамасыз етеді.

Қоғамда неғұрлым егілмегендер көбейген сайын, вакцинамен басқарылатын инфекцияларда жоғарылайды.

Соңғы жылдары вакцинацияға сенім деңгейі төмендеп кетті.

Негізгі себептері:

  •        әлеуметтік желідегі жалған ақпараттар;

  •        вакцина туралы жеткіліксіз түсіндіру жұмыстары;

  •        діни және мәдени түсініспеушіліктер;

  •        кейбір ата-аналардың ғылыми дәлелденбеген үрейлері.

Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті, БМСК мекемелері, дәрігерлер, жергілікті әкімдіктер, педагогтар және бұқаралық ақпарат құралдары бірлесіп, халық арасында вакцинаның қауіпсіздігі мен тиімділігі туралы кеңінен ақпараттандыру жұмыстарын жүргізуде.

Әрбір азамат өз денсаулығы үшін ғана емес, балаларының, ата-анасының, тұтас қоғамның қауіпсіздігі үшін вакцина алуға жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Вакцинамен басқарылатын инфекциялық аурулар – алдын алуға болатын, ескерілмесе қауіпті салдарға алып келетін дерттер.

Вакцинация – тек медициналық шара емес,  қоғамдық келісім, жауапкершілік және ел болашағына инвестиция.

Ұлттық егу күнтізбесіне сай уақытылы вакцинациялауға, денсаулық сақтау мамандарына сенім білдіруге және қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптастырумен болашағымызды дерттен сақтауға өз үлесін қосуға шақырамыз!

“Вакцина – сенің қорғаның, қоғамның қалқаны!”