Түркістан облысы әкімінің тапсырмасына сәйкес, ауыл халқын көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында Сауран ауданында қарқынды жұмыстар атқарылуда. Бүгінде 10 елді мекенге табиғи газ құбыры жүргізіліп, газбен қамту деңгейі 31,4 пайызды құраған. Жыл басында Бершінтөбе, Ибата елді мекендері табиғи газға қосылған болатын.
Қазіргі таңда Оранғай елді мекенін газбен қамту жұмыстары басталды. Аудан басшысы Мақсат Таңғатаров елді мекенге арнайы барып, тұрғындармен кездесті. Газ құбырын жүргізу жұмыстары қыркүйек айында басталып, 2025 жылдың қараша айында аяқталмақ. Жалпы ұзындығы 97 шақырымды құрайды. Жұмыстар толық аяқталғанда 2 188 абонент газбен қамтылады. Құрылыс жұмыстарын мердігер мекеме «KZ Invest Constuction» ЖШС атқаруда. Ал, техникалық қадағалаушы мемеме «Инжиниринг Сервис Групп» ЖШС.
Алдағы уақытта аудан аумағын газбен қамту мақсатында Қарашық, Жүйнек ауылдық округтеріне магистральды және ішкі құбырларына жобалар әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынды. Аталған жобаларды қаржыландыруға республикалық бюджетке өтінім жолданды.