«Дара» қоры «Тәлімгерлер» бағдарламасының аналогын Қазақ тілінде іске қосты

Қазақстанда 15 сәуірде атап өтілетін Қозы Көрпеш пен Баян сұлу ғашықтарының тамаша мерекесіне орай «Дара» қоры «Тәлімгерлер»бағдарламасының қазақ тіліндегі баламасын іске қосты. Бастапқы кезеңде бағдарлама Қазақстанның екі қаласында – Қызылорда мен Шымкентте жүзеге асырылатын болады. «Тәлімгерлер» бағдарламасының негізгі идеясы өзгерген жоқ, ол әлі де балалар үйіндегі жасөспірімдерді оқытылған ерікті-тәлімгерлермен қарым-қатынас жасау арқылы дербес өмірге дайындалуға көмектесу болып табылады. Бір ғана айырмашылығы — болашақ тәлімгерді психологтар мен жоба үйлестірушілерінің қолдауы және ең маңыздысы өз қамқорлығындағы баламен тілдесуі қазақ тілінде болады.

               «Тоғыз жыл бойы жоба орыс тілді аудиториямен – тәлімгерлікке әлеуетті кандидаттармен жұмыс істеді, бірақ біз бұл бағдарламаны қазақ тілінде дамытудың қажеттілігі бар екенін бұрыннан түсіндік, өйткені балалар үйлеріндегі балалардың көбісі қазақ тілінде сөйлейді. Балаларға оның ең жақын досы, тәлімгері – қазақ тілінде сөйлеуі, түсінуі және әңгімелесуді қолдауы өте қажет, бұл тілдік және коммуникациялық кедергілерді азайтады және тәлімгермен баланы одан да жақындатады», — деп бөлісті «Тәлімгерлер» бағдарламасының жетекшісі Гүлжадыра Бекенова.

               Естеріңізге сала кетейік, «Тәлімгерлер» бағдарламасына қатысу – бұл әлеуметтік белсенді азаматтар үшін ерікті қызмет түрі, ол балалар үйлерінде 11 жастан асқан жасөспірімдерге көмектесуге бағытталған, өйткені қарапайым балалар өмір бойы отбасысында үйренетін көптеген нәрселер балалар үйіндегі балаға бейтаныс болуы мүмкін. Сондықтан баланың өмірінде қалыптасқан тұлғаның бейнесі болуы өте маңызды, ол біраз уақыттан кейін бала үшін маңызды ересек болады.

               Жеке өзара әрекеттесу арқылы тәлімгерлер балаларға оқуда және жан-жақты дамуда көмектеседі, олардың әлеуметтенуіне ықпал етеді, мамандық, жұмыс таңдауын анықтауға көмектеседі, сонымен қатар балалардың тұрмыстық дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі. Тәлімгер ретінде жауапкершілікті өз мойнына алған адам балаға өзіне сенуге және өзіне деген сенімділікті арттыруға көмектеседі. Бұл жасөспірімнің өзін жақсы білуге, өмір жолының мақсаттарын түсінуге және оларды жүзеге асыруға жауапты болуға мүмкіндік беретін жағдайлар жасауға ықпал етеді. Басты мақсат — әлеуметтену және тәрбиеленушіні балалар үйінің қабырғасынан тыс дербес өмірге дайындау.

               Бағдарламамен тегін ұйымдастырылған іріктеуден және оқытудан өткен 25 жастан асқан кез келген қазақстандық тәлімгер бола алады. Бағдарламаға қатысудың ең аз уақыты — 2 жыл, идеалды тұрғыда – өмір бойы достық. Егер сіз бағдарламаға қызығушылық танытсаңыз және оған қатысқыңыз келсе, біздің сауалнаманы толтыру арқылы өтініш бере аласыз және сізбен міндетті түрде байланысады.

БАҚ өкілдерін және барлық мүдделі тұлғаларды осы ақпаратты жариялауға және таратуға қатысуға шақырамыз, бұл бағдарламаға үлкен қолдау болар еді, балалар үйіндегі тағы бір жасөспірімнің өзінің маңызды ересек адамы, үлкен досы — тәлімгер табу мүмкіндігін арттырады.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша: Дина Жанглышева, email: info@dara.kz, тел.: +7 708 404 08 14 хабарласуларыңызды сұраймыз.

Бағдарлама туралы толығырақ: www.dara.kz

https://www.instagram.com/dara.talimgerler/