Қала прокуратурасының тапсырмасы бойынша жалған шот-фактураларды жазып беруге байланысты қылмыстық іс бойынша қылмыстық қудалау органы мүлікті тәркілеу туралы сотқа дейінгі іс қозғады.
Тергеу барысында қылмыстық жолмен алынған ақшалай қаражат анықталып, оған тыйым салынды. Қала прокуратурасының өтінішхаты бойынша сот 50 502 280 теңге сомасындағы ақшалай қаражатты мемлекет кірісіне тәркіледі.