Облыс орталығында балалардың үйінен кету деректері жиі орын алуда деп хабарлайды Жамбыл облысы ДП баспасөз қызметі.
Жамбыл облысы ПД бастығы Жанат Сүлейменов Таразды аралап, жасөспірімдер баруы мүмкін қауіпті нысандарды тексерді. Сонымен қатар, полиция генерал-майоры учаскелік полиция пункттерінің жұмысын бақылап, қарап шықты.
Арай иінінің аумағында Жанат Сүлейменов салынып бітпеген жеке тұрғын үйлердің шатырында балалардың ойнап жүретініне назар аударды. Белгілі болғандай, бұл массивте мұндай үйлер көп екен. Облыстың бас полицейі тұрғындармен әңгімелесу барысында балалардың мұндай ойындарының қайғылы жағдайларға әкеп соғуы мүмкін екенін түсіндірді.
Осы ауданның учаскелік полиция инспекторы бұл жағдайды бақылауға алды.
Барлық учаскелік полиция инспекторлары мен кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар өз әкімшілік аймақтарында балалармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық жұмыстар жүргізуде.
— Осыған байланысты, бұл мәселеге ата-аналардың назарын аударғым келеді. Сіздерді балаларыңыздың бос уақытын қалай өткізетінін бақылауға алып, оларға ойланбай жасайтын әрекеттердің салдарын жете түсіндіруге шақырамын, — деді Жанат Қуанышұлы.
Облыс орталығында балалардың үйінен кету деректері жиі орын алуда. Жамбыл облысы ПД бастығы Жанат Сүлейменов Таразды аралап, жасөспірімдер баруы мүмкін қауіпті нысандарды тексерді. Сонымен қатар, полиция генерал-майоры учаскелік полиция пункттерінің жұмысын бақылап, қарап шықты.