Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов полицияға Тараз қаласының тұрғыны хабарласып, 46 жастағы жақын туысының кенеттен жоғалып кеткені туралы атйқанын хабарлады.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 125-бабымен (Адам ұрлау) шұғыл түрде сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды және Полиция департаментінің жедел-тергеу тобы құрылды.
Полиция қызметкерлерімен жүргізілген кәсіби жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде екі күдікті анықталып, ұсталды.
Жәбірленушіні полицейлер Жамбыл ауданындағы ауылдардың бірінен тапты.
Полиция генерал-майоры Ж. Сүлейменов аталған қылмыстық істің тергеп-тексеру барысы ерекше бақылауында екенін атап өтті.