Еңбек адамы — Жанәбілова Гульвира Усіпханқызы

Жанәбілова Гульвира

Жанәбілова Гульвира Усіпханқызы 1978 жылдың қыркүйек айының 29-шы жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданы, Байырқұм ауылында дүниеге келген.

1995 жылы Мұхтар Шаханов атындағы орта мектепті бітіріп, Шымкент аграрлық техникалық колледжіне оқуға түседі. Колледжді 1999 жылы ойдағыдай аяқтап, 2014 жылға дейін Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы Достық ауылында орналасқан «Шардара — Мақта» ЖСШ-нің кадр бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарады.

2010 — 2014 жылдары Шымкент қаласындағы «Мирас» университетінің «Педагогика — психология» мамандығы бойынша білімін шыңдайды.

2014 — 2015 жылдары «Зарина -ару» бөбекжай балабақшасынында меңгеруші қызметін, 2016 жылдан бері «Әсел» бөбекжай балабақшасының директоры қызметін атқарып келеді.

Осы уақыт аралығында қызметі үшін, аудан әкімінің, аудандық мәслихаттың алғыс хаттарымен марапатталған. «Қызмет» салалық кәсіподағы Түркістан облыстық комитетінің «Еңбек озаты» төсбелгісімен марапатталған. Отбасылы, жолдасы екеуі екі ұл, бір қыз тәрбиелеуде.

«Қазіргі таңда үздіксіз білім беру еліміздің өсіп келе жатқан жас ұрпақтың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан — жақты қабілетті ұрпақ – ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Білім беру балабақша табалдырығынан басталады десек ешқашан қателеспейміз. Барлық білімнің бастауы – балабақшада. Мектепке дейінгі мекемелерде тәрбие мен білім саласында заманауи педагогикалық технологиялар қаншалықты маңызды болса, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуде де педагогикалық технологиялар ұғымы кеңінен қолданылатын ұғымның біріне айналды. Мектепке дейінгі білім беру саласының басты міндеттерінің бірі — өскелең ұрпақты оқыту мен тәрбие беру үрдісіне заманауи әдістерін енгізу қажет.

«Тәрбие мен білім — егіз. Мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мәселесі мемлекеттік саясаттың ажырамас бөлігі болып отыр. Ендеше мектепке дейінгі балаларды үздіксіз тәрбие — біліммен қамту, өзімнің басты мақсаттарымның бірі екенін қуана айталамын» — дейді Гульвира ханым.

Біз өз тарапымыздан әлеуметтік әріптесіміз Гульвира ханымға және ұжымына еңбектерінің жемісті болуына тілектестігімізді білдіреміз.