Жамбылдық полицейлер жастар есірткінің зияны туралы барлық шындықты білуге тиіс деп тұжырымдайды
2021 жылдың 14 сәуірінде Тараз қаласының «Парасат» Тараз колледжінің студенттері үшін «Синтетикалық есірткінің және дәріханалық нашақорлықтың зияны туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді, іс- шараны Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ұйымдастырды деп хабарлайды Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі. Дөңгелек үстелдің мақсаты- жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлыққа қарсы күресті күшейту.
Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің және Жамбыл облыстық психикалық денсаулық орталығының өкілдері қатысқан жастармен кездесуде дөңгелек үстелдің тақырыбы бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде бейне-дәрістер көрсетілді. Маңызды мәселені талқылау барысында студенттер мен оқытушылар есірткі құралдарына қатысты сұрақтар қойып, тиісті кәсіби жауаптар алды.
Сондай-ақ, барлық қатысушыларға Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық- процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер, толықтырулар, сондай-ақ 2020 жылы 11 қаңтарда күшіне енген қылмыстық құқық бұзушылықтардың жаңа баптары жеткізілді: мәселен, «Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау (299-1-бап): мұнда 1- бөлім бойынша: 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру; 2- бөлім бойынша: «алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы» жасаған (1-т.), «бірнеше рет жасалған» (2-т.) жаза: 3 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру.