Төлеби аудандық мәдениет үйінде «Тәрбиелі жастар – қауіпсіз қоғам» атты аудандық жастар форумы өтті. Еркін форматта өткен іс-шараға аудандық полиция бөлімі бастамасымен «Жастар ресурстық орталығы» КММ, «Мәдениет үйі» ұжымы, зиялы қауым өкілдері, ұстаздар, жергілікті тұрғындар және БАҚ өкілдері мен оқушылар қатысты.
Форумға аудан әкімінің орынбасары Бақберген Құралбаев арнайы қатысып, қазіргі таңда жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу — қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі екенін атап өтті.
Сонымен қатар мекеме басшылары мінберге шығып, жастар мен жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Өз кезегінде аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Әтірхан Шыңғысбаев жастарды үнемі пайдалы іспен айналысып, жақсылық жасауға шақырды. Форум соңында аудан өнерпаздары, талантты полицейлер патриоттық әндер шырқап, жиынға қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі