Тұрмыстық зорлық-зомбылық — қоғамда жиі талқыға түсетін өзекті тақырыптардың бірі. Осы мәселеге қатысты Ішкі істер органдарының қызметкерлері түрлі профилактикалық жобалар ұйымдастырып, іс-шараларды қарқынды өткізіп келеді.
«Тұрмыстық зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Республикалық акциясы өз жалғасын тауып, Орталығымыздың әлеуметтік мамандары, Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық – зомбылықтан қорғау тобының инспекторлары, Жастар ресурстар орталығының қызметкерлері және Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің білім алушыларының қатысуымен Шымкент қаласы, 11 м/а орналасқан «Аллея»-сында флешмоб ұйымдастырылды. Сонымен қатар, білім алушылар адамдар көп шоғырланған «Алатау» базарында тұрғындарға ақпараттық таратпа қағаздармен, кітапшалар тарқатты.
Іс-шара барысында елді мекендерде полицияның қоғамдық көмекшілерін, жастар бірлестіктерін, үкіметтік емес ұйымдарды тарта отырып, отбасылық құндылықтарды насихаттау жөніндегі іс-шаралар жүзеге асырылуда.
Акцияның мақсаты:
Қоғамды қатыгездікке бей-жай қарамауға шақыру, зорлық-зомбылық құрбандарына нақты көмек көрсету, салауатты қарым-қатынас мәдениетін үйрету, отбасылық құндылықтарды насихаттау.
Сонымен қатар Түркістан Индустриалды-құрылыс колледжінің медбикесі Қ.Шораева колледж білім алушыларына 1 желтоқсан АИТВ күрес күніне орай «АИТВ инфекциясын алдын-алу. Өз мәртебеңді біл!»- тақырыбында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
АИТВ инфекциясы-бұл адамның иммун тапшылығы вирусы. АИТВ инфекциясы біздің ағзамызды әр түрлі инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйнеі әлсіретеді.
АИТВ -ның жұғу жолдары:
1. Жыныстық жолмен, жыныстық қарым-қатынас.
2. Қан арқылы, -АИТВ инфекциясын жұқтырған донордың қанын құйғанда және мүшелер мен тіндерді алмастырып салған кезде.
3. Шприцтерді ортақ қолданғанда.
4. Денеге сурет салу (татуировка) арқылы жұқтыру қаупі.
5. Жүктілік, босану және анадан балаға ана сүтімен қоректенген кезде.
Адамның АИТВ инфекциясын жұқтырғанын анықтаудың жалғыз тәсілі-АИТВ инфекциясына қан тапсыру.
Біз өскелең ұрпақ АИТВ инфекциясына жол жоқ!-дейміз.
Біздің болашағымыз САЛАУАТТЫ ӨМІР САЛТЫН ұстанған, көкірегі ояу, болашаққа деген табанымыз нық сеніммен алға аяқ басу…