Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында кездесу өткізілді.
Мақсаты: Жастарға діни ағымдардан сақтану туралы терең түсінік беру. Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндіру. Сондай-ақ отансүйгіштік тәрбиелеу кереғар діни ағымдардың алдын алу.
Кездесуге Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Нұрдәулет Аманкелді, Қазақстан мұсылмандар діни бірлестігінің Шымкент Жастар ісі секторы жетекшісі Керімбеков Анарғали Пірәліұлы және «Авимед» көпсалалы колледжінің студенттері қатысты.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қоса, Шымкент қаласы Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен жастар арасында ұлтаралық татулық, жастардың діни танымдығын арттыру мақсатында Шымкент қаласының дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің теолог маманы Самат Уәлихан, “ЕуроАзиялық медиация орталығы” қоғамдық бірлестігі атынан кәсіби медиаторы Пилецкая Юлия Николаевна, Зоя Сергеевна және М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің колледжінің студенттері қатыстуымен кездесу өткізілді.Кездесуде жастарға жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін түсіндірілді.
Кездесу барысында сала мамандары жастарға отанды сүю иманнан екенін және жастарға түрлі кереғар діни ағымдардан сақтану жолдары, тәлім-тәрбиелілік, біліктілік, ата-ананы құрметту сынды тақырыптар төңірегінде сөз қозғап жастар көкейіндегі сұрақтарына жауап алды. Сондай-ақ әлеуметтік желілерге келген ақпараттарды лайк, комментария және теріс діни ағымдағы фото-видеоларды таратпауға кеңес берді.