Тұрмыстық зорлық-зомбылық – отбасы тұрмыстық қатынастар аясында бір адамның басқаға қатысты дене зардабын және психикалық зардап келтіретін немесе келтіру қаупі бар құқыққа қарсы қасақана әрекеті. Көбінесе, әйелдер мен балалар тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбандары болып табылады. Отбасындағы зорлық-зомбылық құрбандарының көпшілігі – моральдық тұрғыдағы мінеуден қорқып, құқық қорғау органдарына шағымданудан бас тартып жатады. Осыған сәйкес, әйелдер мен қыздар арасында әйелдердің құқықтық сауаттылығын арттырып, зорлық-зомбылықтың түрлері мен себептерін зерделеп, алдағы уақытта қылмыстық әрекеттерді болдырмау бағытында тиісті профилактикалық жұмыстар жасалуда.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі М.М.Ахметжановтың нұсқауына сәйкес Түркістан қаласы аумағында «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы басталды. Іс-шараның басты мақсаты- тұрмыстық зорлық- зомбылықтың алдын алу және қоғамда отбасының рөлін нығайту болып табылады. Естеріңізге сала кетсек, аталған іс-шара ағымдағы жылдың 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында өтеді.
Түркістан ҚПБ ЖПҚ әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының инспекторы полиция капитаны Аселхан Божикенова және Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу секторының психолог мамандары, заңгер Сапаров Жармұхамет Түркістан қаласында орналасқан Мағжан Жұмабаев жалпы орта мектебінде және медициналық колледжіндегі жастармен профилактикалық кездесулер өткзіді.
Кездесу еркін форматта өтіп, студенттермен сұрақ -жауап алмасты.
Аталған жиын тәрбиелік мәні жоғары тұрмыстық зорлық-зомбылық пен жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу тақырыбы аясында өтті. Сондай-ақ түсіндірме жұмысы барысында ауыр қылмыстарға бейімділік танытпауға, отбасындағы туындаған кикілжіңдерге түсіністікпен қарап, ажырасуға, зорлық зомбылыққа дейін жеткізетін мәжбүрлікке бармауға кеңестер берілді, әйелдерге психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.