Қазіргі уақытта жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу өзекті мәселе. Құқық бұзушылық — бұл қоғамға зиян келтіретін және заң бойынша жазаланатын қоғамға қарсы әрекет. Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алуда құқытық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыру негізгі басымдықтардың бірі. Түркістан қаласы Ататүрік атындағы N 17 мектеп — гимназиясында оқушылар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, аутодеструктивті мінез-құлықтың, зорлық-зомбылықтың, буллинг және кибербуллингтің алдын алу бойынша ата- аналар жиналысы болып өтті.
Маңызды мәселе аясында Түркістан қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Жанатаев Нұрдаулет Ерланұлы тақырыптық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп — гимназия мұғалімі Ханзада Муталова буллинг, кибербуллинг туралы түсінік бере отырып, ата — аналармен сауықтыру жұмыстарын жүргізді.
Мектеп — гимназия директоры Урумова Рахила Кенжебекқызы балалардың сапалы біліммен қатар саналы тәрбие алуы үшін ұстаздардан бөлек ата-ананың да орны мен рөлі айрықша екеніне тоқталды . Сондықтан, өскелең ұрпақтың тұлға болып қалыптасуына қоғам болып үлес қосу әрдайым бірінші кезекте тұруы қажет.
Мектеп- гимназияның ішкі тәртіп ережесі, » Бес терек » жобасы бойынша атқарылған жұмыстар ата- аналарға таныстырылды.
Мектеп — гимназия ұжымы ата — аналар жиналысын ерекше дайындықпен ұйымдастырды.
» Домбыра пати», » Жас суретшілер галереясы» , пәндік көрмелер, үйірме жұмыстары ата- аналарға ой салды.
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдаланатын оңтайлы шешім деп білеміз .
Кездесу барысында ата-аналар тарапынан ұсыныстар білдірілді.