Бүгінгі таңда жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және оны болдырмау маңызды мәселелердің бірі. Осы орайда құқық қорғау органдарының тарапынан түрлі іс-шаралар жүзеге асырылып жатыр.
01.11.22. Түркістан жоғары медицина колледжінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында полиция қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.
Сұхбат кешіне қалалық ІІБ полиция аға учаскелік инспекторы, майор И.Шадманов, полиция учаскелік инспекторы, капитан М.Оралов, жасөспірімдер инспекторы Т.Құрман, ТЖМК жалпы білім беру бөлімінің меңгерушісі Д.Кусембаева, жастар ісі маманы Б.Сейтжанов және ЖБББ студенттері қатысты.
Полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық жайында және бөтеннің мүлкін ұрлау, қарақшылық, алаяқтық туралы баяндап, одан сақ болудың жолдарын түсіндірді. Түнгі уақытта жүрудің жасөспірімнің өміріне қауіпті екенін ескертті. Сонымен қатар бүгінгі таңда оқу орындарында да, қоғамдық орындарда және сауда- саттық орындарында да бейнебақылау камералары өте көп екендігін, сондықтан қылмысқа барудың соңы жақсылыққа алып келмейтіндігін нақты мысалдар келтіре отырып жеткізді.
Студенттер өз тараптарынан сұрақтар қойып, тиісті жауаптарын алды.
Іс-шара соңында Түркістан қаласы бойынша полиция қызметкерлерінің атсалысуымен «Жасөспірім», «Түнгі қаладағы балалар» тақырып аясында жүргізілген рейдтер туралы бейнеролик көрсетілді.