Шымкент қаласы Полиция департаментінде ҚР Президентінің «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты жолдауын кеңінен насихаттау мақсатында генерал Қайрат Дәлбеков жеке құраммен кездесу өткізді.
«Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына жолдауында «Күшті Президент -ықпалды Парламент- есеп беретін Үкімет» қағидатын басшылыққа алып, осы стратегиялық мақсатқа жетуге мүмкіндік беретін нақты бастамалар ұсынды. Оның ішінде, президент өкілеттілігі, сайлау жүйесін жетілдіру, партиялық жүйені дамыту, әкімшілік-аумақтық құрылымды жетілдіру, дағдарысқа қарсы кезек күттірмейтін шаралар және құқық қорғау институттарын күшейту туралы міндеттемелері бар.» -, деді Қайрат Дәлбеков.
Жиын барысында ол, Мемлекет басшысының жолдауда атап өткен нақты мақсаттары мен жоспаларына жеке-жеке тоқталып, бұл туралы полиция қызметкелерінің пікірін тыңдады.
Сондай-ақ, генерал кездесу соңында президент жолдауын жүзеге асыру барысында әріптестерінің іскерлігі мен біліктілігіне сенім білдіретінін айтып, жиынды қорытындылады.
Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі