Ағымдағы жылдың 19 наурызында елімізде аса жауапкершілікті талап ететін маңызды саяси науқан Мәжіліс депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді және осы күні мәслихат депутаттарын да сайлау жоспарланған. Алдағы Мәжіліс және мәслихаттар сайлауы ««Мықты Президент — ықпалды Парламент- есеп беретін Үкімет» қағидатын іске асыру болғандықтан, биліктің барлық сатыларында білікті және мықты көшбасшылардың болуы шарт деп білемін.
Елімізде бір мандатты сайлау 2004 жылы өтті. Бұл менің ойымша дұрыс бастама деп ойлаймын. Ең бастысы, қарапайым халық кез келген сайлаудан әлеуметтік жағдайдың жақсаруын, ел тұрмысының оңды өзгеруін күтеді. Мәжіліс пен мәслихаттар жаңа үлгі бойынша жасақталады. Сонда сайлаушылардың мүддесі жалпыұлттық және аймақтық деңгейде толық қорғалады. Өкілді билікке түрлі көзқарастағы азаматтардың келуіне мүмкіндік туады. Азаматтық қоғамның одан әрі дамуына айтарлықтай жағдай жасалады.
Бұл сайлау еліміздің болашағы үшін аса маңызды саяси процесс – трансформациялық жаңарудың алғы шарттарының бірі болмақ.
Иә, халық қазақ жерінде үлкен өзгерісті күтіп, жақсы жаңалықтардың боларына үміт етуде. Осы жұмыс бойынша азаматтарымыздың және партиямыздың сенімін ақтау үлкен сын және жауапкершілік екендігі белгілі.
Алдағы сайлауда Мәжіліс депутаттарының 70 пайызы партиялық тізіммен, 30 пайызы бір мандаттық жүйемен сайланатын болады. Сондай-ақ, облыстық маслихат депутаттарының 50 пайызы партиялық тізім бойынша, 50 пайызы бір мандаттық жүйе тәртібімен сайланып, ауылдық және қалалық мәслихаттарының депуттары бір маңдаттық жүйе бойынша сайланатын болып бекітілді.
Саяси партиялардың тіркеуден өту тәртібі жеңілдетіліп, олардың сайлау қорытындысымен Мәжіліске өту шегі 7 пайыздан 5 пайызға төмендеді. Депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдерге, жастарға және ерекше қажеттілігі бар азаматтарға беру заңмен белгіленді.
Барлығыңызды үлкен азаматтық жауапкершілік танытып, алдымызда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауына қатысуға шақырамын. Аталған өкілді билік органдарына шын мәнінде халық қалаулысына лайықты, ұлтжанды, отансүйгіш, ел арасында беделді,білімді әрі білікті, жанашыр азаматтарды таңдап сайлауға шақырамын. Сонда ғана біздер Президентіміз айтқандай: «Күшті Президент — ықпалды Парламент — есеп беретін Үкімет» қағидатын толығымен жүзеге асыра аламыз.
Қаныбек АСЫЛБЕКОВ,
Төлеби аудандық мәдениет үйінің бөлім басшысы