Мемлекет басшысы сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Оның пікірінше, заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек.
Әрбір қоғам дамуының жақсы жағымен қатар көлеңкелі тұсы да қатар жүретіндіктен, елдің әлеуметтік хал-ахуалының жақсарып, экономикалық жоғары даму деңгейіне жетуді, халқымыздың демографиялық өсіп-өнуін көздеген шаралар жасалынып жатқан кезде, алға басқан қадамды кейін тартып, дамуымызға тежеу болып отырған сыбайлас жемқорлықпен күресті күшейту — әрқайсымыздың азаматтық борышымыз болып табылады.
Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар Ресурстық Орталығы» КММ-ның Еңбекші ауданы бөлімі мамандарымен кездесу өтті.
Кездесу барысында Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, қызметкерлер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі жайлы айтты. Жастар ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы өз ойларын еркін жеткізді.
Сондай ақ осы жобаның аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында Шымкент қаласының Білім басқармасының «Ш.Уәлиханов атындағы №18 жалпы орта білім беретін мектебі» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі қызметкерлерімен кездесу өтті.
Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.