Қазіргі заманда әлемде сыбайлас жемқорлықпен күресу жұмысы үздіксіз жүргізілуде және оның күнделікті жетілдіріліп отырғаны байқалады.
Әлемдегі мемлекеттер қолдануға тиісті жемқорлықпен күресу механизмі жоқ. Ол сол елдің саяси және экономикалық тұрақтылығына ғана емес, сонымен қатар әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлеріне, діни ерекшеліктері мен құқықтық мәдениет деңгейіне және аумағы бойынша алатын жеріне, халқының саны мен орналасу жағдайына байланысты екені белгілі.
Елімізде сыбайластық жемқорлыққа қарсы күресу, алдын алу шаралары заманауи әлеуметтік-экономикалық саясатымен тығыз байланысты жоспарлы түрде қажеттілігіне көз жеткізілді. Осы мақсатта арнайы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы 2015 жылы қабылданды. Осы заңның аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекет әр салада жүзеге асырылуда.
Осы орайда Шымкент-Адалдық алаңы жобалық кеңсесінің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тобының жоспарына сәйкес, мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдағы енгізілген өзгертулермен, нормативтік құқықтық актілерді түсіндіру, парасаттылық құндылықтарын дәріптеу мақсатында «М.Тынышпаев атындағы қазақ көлік және коммуникациялар академиясының шымкент көлік колледжі» қызметкерлерімен кездесу өтті.
Спикер: Гүлбақыт Сейсенбекқызы Дулатова — Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі сарапшылар пулының мүшесі.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, қызметкерлерге студенттер тарапынан пара ұсынылған жағдайда жасалуы тиіс іс-әрекеттер қадамы, әкімшілік жауапкершілік пен айыппұлдар көлемі айтылды.