«ҚР жергілікті өзін-өзі басқару дамуына бағытталған ІІІ концепциясына азаматтық қоғам кеңестері» конференциясы

жергілікті өзін-өзі

«Десента» ҚҚ USAID қолдауымен жүзеге асыратын «Бірлескен басқару – ортақ жауапкершілік» жобасының сарапшылары ҚР 2025-2030 жж арналған жергілікті өзін-өзі басқару ІІІ концепциясына әзірленген кеңестерін жариялауға мен талқылауға арналған конференциясына шақырамыз.

Іс-шараға аталған тақыпта тәжірибесі мол сарапшылар мемлекеттік қызметкерлер, азаматтық қоғам мен ҰЕҚ өкілдерінің қатарынан қатысады.

Кеңестер топтамасын әзірлеу мақсатында өзін-өзі басқару сұрақтарымен айналысатын сарапшылар тобы жеті ай бойы қажымас еңбек етті. Атанған уақыттың ішінде олар сегіз отырыс өткізіп, тоғыз қомақты құжат зерттеді, олардың ішінде бесеуі әлемнің үздік тәжірибесіне жатады. Осымен жұмыстар шектелмеген.

Кеңестерді даярлау үрдісіне азаматтық қоғам өкілдері белсене араласты. Себебі, сарапшылар өз жұмысы барысында жиналған деректерге сүйенуімен қатар жоба серіктестері Павлодар, Батыс Қазақстан, Ұлытау және Жетісу областары ауылдық аймақтарында жүргізілген тұрғындарымен кездесулер негізінде жасалған зерттеулерді де қолдана білді.

Жоба командасы әзірленген кеңестер топтамасын ҚР ұлттық экономика министрлігінің мамандары елімізде жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытудағы ең маңызды құжат – Концепциясының дайындау кезінде пайдалана алады.

Іс-шараға қатысу барша БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері үшін ашық әрі ақысыз. Журналистер төменде көрсетілген телефондар немесе сілтеме бойынша тіркеледі.  

«Бірлескен басқару ортақ жауапкершілік» жобасы туралы толық ақпаратты http://decenta.kz/ ресми сайтынан, сондай-ақ жобаның Instagram  парақшасынан таба аласыз.

Елена Васильевна Гаркава